Шымкент қаласының әкімдігі жәрмеңкедегі бағаны бақыламақ

Аймақ
24.08.2017, 18:20

Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіндегі баға  бақылауға алынды. Бұл туралы қалалық әкімдігінің өкілдері хабарлады.

Тілшілерге бүгін анық болғаны – жәрмеңке ұйымдастыратын қалалық сауда-саттық бөлімі күткен сенімнен шықпады. Енді шаһардағы жәрмеңкелердегі бағаны қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бақылайтын болады.14435172850n22l

Еске салайық, соңғы жексенбіде Қажымұқан атындағы орталық стадион жанында өткен жәрмеңкедегі бағадан ашынған тұрғындар оны жабуды талап етті. Ал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге жауапты және бағаның негізсіз шарықтап кетуіне жол берген шенеуніктер жазаланады. Қалалық әкімдік мамандары осылай деп хабарлады.

Сұхбат

PhotoRoom