Жаңа электронды жобамен 7972 сәби балабақшаға қабылданды

Аймақ
26.08.2017, 00:01

Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінде өткен брифингте мәлім етті. Айта кетсек, Шымкентте балабақшаға жалпы жолдама алған сәбилер саны – 9611.

– Біздің ауқымды жетістіктеріміздің бірі – өтініштерді электронды форматта қабылдау деп санаймын. Бұл жоба ата-аналарға не береді: сайтты ашқан олар перзенттерін бергісі келетін балабақша туралы барлық мәліметті оқи алады, топтардағы бос орындар мен өз кезегінің жылжуын анықтайды, кезегі келгені туралы тегін СМС-хабарлама алады. Ал ең бастысы – адами фактор мен сыбайластық әрекет толық жойылған. Ал бөлім мамандары бұған дейін айналысқан қағаз толтырудан құтылады. Жалпы, Шымкентте сәбиін балабақшаға қабылдау туралы өтінішті электронды түрде 57 756 адам берген. Оларға берілген жолдама саны - 9611, ал балабақшаға 7972 сәби орналасқан. Осы тұста айта кету керек, балабақшаға жолдама алған соң да сәбиін апармайтын ата-аналар бар. Мұндай жағдайда олардың орындары 2 аптаға сақталып, ары қарай архивке жіберіледі. – Бұл олардың кейін балабақшаға келген кезінде алғашқы талап еткен сәтінен бастап, кез келген уақытта балабақшадан орын берілуі үшін жасалған шара, – деді Жанат Тәжиева.

Сұхбат

PhotoRoom