EXPO-2017: Вьетнам су электр энергиясын өндіруден ең озық 14 мемлекеттің қатарында

Жаңалықтар
29.08.2017, 18:58

Бүгін ЕХРО қаласының қонақтары Вьетнам елінің ұлттық мәдениетімен кеңірек танысты. Халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде тәуелсіздік күнін атаған социалистік республика дәстүрлі музыкасымен көрмеге келушілердің құлақ құрышын қандырды. Ал мың бұралған бишілер жарқын киім үлгілерімен көзге түсті. Ұлттық күндер сахнасында өткізілген шараға еліміздің Мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир Божко мен Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Нгок Тхен қатысты.4025934b35542b91640f5d428f20e13e_L

Айта кетейік, Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан бұл ел баламалы қуат көзі ретінде жел екпінін қолданып отыр. Вьетнамда желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 6 метрді құрайды. Сондай-ақ бұл ел су электр энергиясын өндіру әлеуеті бойынша ең озық 14 мемлекеттің қатарында.

«ЕХРО төрінде Вьетнам күнін өткізген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Бүгін еліміз тәуелсіздігінің 72 жылдығын тойлады. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 25 жыл болды. Екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыс әлі де беки түседі деген сенімдемін»,-деді Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Нгок Тхен.

«Экономикалық одақ елдері мен Вьетнам арасындағы Еркін сауда аймағы жөніндегі келісім былтыр күшіне енген. Осы тұрғыдан екіжақты сауда-экономикалық байланыс тек нығая түседі деген сенімдеміз. «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан өзінің көлік-логистикалық инфрақұрылымын жаңартпақ. Сол арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол байланысын орнатқысы келеді. Вьетнам елі осы істе қолдау білдіреді деген ойдамыз»,-деп атап өтті ҚР Мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир Божко.

Концерттік бағдарламадан кейін Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко бастаған бір топ депутат шетелдік делегациямен бірге Вьетнам павильонына шерумен барды. «Дәстүр мен заманауилықты үйлестіру – Вьетнамның болашақ энергиясы» тақырыбын қамтитын концепциялармен танысқан делегаттар артынша ұлттық павильонымыз «Нұр әлемді» аралады.

Ақпарат көзі:24.kz

Сұхбат

PhotoRoom