Оңтүстіктен шыққан эстрада жұлдыздары Астана аспанын сазды әуенге бөледі  

Жаңалықтар
04.09.2017, 12:49

Елорда төрінде «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының Гала-концерті өтті.102b9c5c-f5a1-48e8-9305-ab830a15251a

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында Астана тұрғындары мен қонақтарына Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір, А.Жайлаубаева сынды елімізге танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.27d47f33-93b9-42e2-a7d4-ac7ac941f29e

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында өткен шараға Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ы Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жəне ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.36192c3f-42fb-4dd0-8398-acd9675388b6

Астана аспанын сазды әнге бөлеген думанды кешті қала тұрғындары мен көрмені тамашалауға келген шетел қонақтары жалпы саны он мыңдай халық тамашалады. 9d8c4acb-f808-4902-8a08-1be740177ef7

«Тіршіліктің бастауы – Қазығұрт» сазды-хореографиялық композициясымен бастау алған өнерпаздар кешінде «Қазына», «Шамсинур», «Тұмар», «Шаттық», «Фараб» би ансамбльдері мың бұралған билерімен көрермендерді тамсандырды.920132fc-b63e-4fc7-9a36-67666316fee1

Гала-концерттің соңында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамы Басқармасының Төрағасы Ахметжан Смағұлұлының, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлының, Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлының атынан ықылас гүлдері ұсынылды.c800a3dc-0409-4c3a-a696-0f7dab9ed34e

2d276aee-f919-4019-8888-10a640af120e

Сұхбат

PhotoRoom