«Қазақ-түрік» индустриалды аймағында 8 жоба жүзеге асырылуда

Жаңалықтар
13.09.2017, 23:03

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында орналасқан «Қазақ-түрік» индустриалды аймағында жалпы құны 37,5 млн. АҚШ долларын құрайтын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аумағы 50 гектарды жерді алып жатқан аймақтағы жобалар іске қосылғанда жаңа 900 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.pechat_zavod_02.preview

Ал жыл соңына дейін жоғарыда аталған жобалардың бірі - «Gold Aluminum» ЖШС-нің ПВХ профильдері мен ПВХ және алюминийден жасалған мөлдір конструкцияларды өндіретін шағын цех іске қосылады. Сонымен қоса, түркиялық инвесторлармен құны 12 млн. АҚШ доллары болатын екі жобаны жүзеге асыру  көзделуде.

Бұл жобаларды іске асыру мақсатында «Оңтүстік» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы мен түркиялық бизнесмендер арасында құны 12 млн. АҚШ долларын құрайтын инвестициялық екі құжатқа қол қойылған болатын.

Күнгейдегі қазақ-түрік индустриалды аймағында түркиялықтармен осы жылы іске асырылатын жобаның бірі - қорғасын концентратын өндіретін Merkez Asia Madencilik компаниясының зауыты (құны 2 млн. АҚШ доллары) болса, екіншісі -  құны 10 млн. АҚШ доллары болатын Petronet Otomosyon компаниясының жанар-жағармай тарату колонкаларын шығаратын зауыты. Осымен қазақ-түрік индустриалды аймағында іске асырылатын  жобалардың саны онға жетіп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom