Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы...

Жаңалықтар
20.09.2017, 12:00

xymY05R3

Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты автобус бағдарлары ашылады.Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушылар тасымалы бойынша тұрақты  автобус маршруттары жоқ. Бұл өз кезегінде шекараны өту кезінде қолайсыз жағдайға алып келеді. Назарларыңызға ұсынылған Хаттамаға сәйкес, автомобиль көлігімен жолаушыларды тұрақты, тұрасыз және транзиттік тасымалына құқықтық норма орнатылады. Бұл хаттама сауда-экономикалық байланысты одан әрі дамытуға оң серпін береді, сондай-ақ халықтың мобильділігін арттыруға және екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді», -деп атап өтті министр «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

4add218d-8197-4cdb-a29a-cf655cf0f451__058bdd3e2f82fe9517bfda6655bbd0f2

Оның сөзіне қарағанда, Хаттама күшіне енген соң, екі елдің ірі қалаларының арасында тұрақты автобус бағдарлары ашылатын болады. Жоспар бойынша бірінші осындай бағдарлар биылдың соңына дейін ашылмақ.

«Аталған Хаттаманы ратификациялау бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді»,-деді Ж. Қасымбек.

Осы орайда ол халықаралық автобус тасымалын ұйымдастыру кезінде қос тарап тасымалдаушылардың нақты бағдарын тепе-тең негізде айқындайтынын атап өтті.

«Тәулік ішінде мұндай ондаған бағдар болуы мүмкін. Мысалы, кесте бойынша автобустар әр сағат сайын жолға шыға алады. Өз кезегінде қажеттілікке байланысты әрбір тараптан бестен немесе оннан осындай тасымалдаушы бекітіле алады. Сонымен қатар әр тасымалдаушыға бір бағдарда бес жыл жұмыс істеу құқығы беріледі»,-деді ведомство басшысы.

Министр өз сөзінде Ресеймен бізде 45 түрлі тасымалдаушы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

АСТАНА. ҚазАқпарат

Сұхбат

PhotoRoom