«Шымкент құс» фабрикасы күніне 400 мың дана жұмыртқа өндіреді

Аймақ
20.09.2017, 23:09

Жарты ғасырға жуық уақыт Оңтүстік халқын сапалы жұмыртқалармен қамтамасыз етуден жаңылмаған «Шымкент құс» фабрикасында 581 300 бас құс өсіріледі. Оның 499 700-і үлкен тауықтар болса, қалғаны – балапандар. Кәсіпорында күніне 400 мың дана шамасында жұмыртқа өндіріледі. Жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасайды. Елімізде тауық жұмыртқасын өндіретін құс фабрикаларының арасында өз өнімдеріне кәсіпорын атауы мен шыққан күнін арнайы заттаңбамен қалдыратын да осы – «Шымкент ҚҰС» ЖШС ғана. 99 Бұл да аталмыш фабриканың өнімдерінің сапалы екендігінің тағы бір дәлелі. «Шымкент құс» ЖШС өнімдерін облыс тұрғындарына сауда қатарларының арнайы нүктелерінде саудалайды. Өнімдерін бір күннен артық сақтамайды. Сондықтан да ең сапалы өнім – «Шымкент ҚҰС» ЖШС-інің өнімдері деп сеніммен айта аламыз.

Кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізер залалын азайту мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, 2014 жылдан бастап кәсіпорын жанынан құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш шығаратын зауытты іске қосып, қазіргі таңда зауыт нәтижелі жұмыс істеп келеді.

Құс фабрикаларында құс саңғырығы қайта өңделмей жинақталып жатуынан, адам денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізетіні рас. Қуаттылығы 40 мың жұмыртқалайтын тауық немесе 10 млн етті шөже шығаратын орташа құс фабрикасында жылына орта есеппен тиісінше 35-85 мың тонна құс саңғырығы және концентрациясы жоғары органикалық қоспалары бар су жинақталады. Осы құс саңғырығын қайта өңдеу технологиясы құс фабрикаларында аталған проблемалық мәселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік беріп отыр.

 

Сұхбат

PhotoRoom