Қала күнінде еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетпек

Аймақ
21.09.2017, 23:35

Шымкентте биылғы Қала күні мерекесі апта бойы атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған брифингте мәлім етті.

Қыркүйек айының 23-30 жұлдызы аралығын қамтитын мерекелік бағдарламаны қалалық мәдениет бөлімі ұсынуда. 59c387ef9cc6c

– Биылғы Қала күні мерекесі Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен үндес, орайлас аталып өткелі отыр, – дейді Қайрат Ырзақұлұлы. – Мерекелік бағдарлама 23 қыркүйек, яғни, сенбі күні арнайы жалпықалалық сенбіліктен бастау алады. Кең ауқымды мәдени, спорттық шаралар көпшіліктің көңілінен шығуы тиіс. Мерекені қорытындылаған гала-концертке Қазақстан эстрада жұлдыздары – Қайрат Нұртас, Ернар Айдар сынды өнерпаздар қатысады деп күтілуде.

Айтқандай, бұл күндері Гиннестің рекордтар кітабына лайық оқиғалар да болады деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom