ЭКСПО-ның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ОҚО полицейлері марапатталды

Аймақ
25.09.2017, 22:39

Мемлекет тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қас қақпай қадағалап жүрген полиция қызметкерлері ЭКСПО-ның өз дәрежесінде өтуіне көп күш салды. Олардың қатарында Оңтүстік Қазақстандық 62 өкіл бар. Төрткүл әлем көз тіккен шарада тер төккен ерлердің еңбегі елеусіз қалмады.20170925125731

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері марапатталды. Департамент бастығы Жанат Сүлейменов көрме барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде адал қызмет атқарған 9 қызметкерге Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрлігінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 20170925125645Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы полиция подполковнигі Әмірхан Бекмырзаевқа «полиция полковнигі» атағы берілді. Ал Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Абдраманов «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Жанат Сүлейменов өз атынан «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен 26 полиция қызметкерін марапаттады. 17 полиция қызметкерінің тәртіптік шарасы мерзімінен бұрын алынды. 20170925125650Жиында ішкі істер органдары ардагерлерінің жас қызметкерлерді идеялық-патриотттық тәрбиелеуде үлес қосып, полицияға белсенді көмек көрсетіп жүрген 10 ауған соғысының ардагері «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom