Оңтүстікқазақстандық 20 дәрігер Оңтүстік Кореяда тәжірибе алмасып қайтты

Жаңалықтар
26.09.2017, 21:35

Бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Кореяның үздік клиникаларында тәжірибе алмасып қайтқан бірқатар аудандық ауруханалардың бас дәрілерлері брифинг берді.Оңтүстік Қазақстан облысының аудандық орталық ауруханаларының бас дәрігерлерінен құралған 20 маман облыс әкімінің қолдауыменденсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Оңтүстік Корея республикасына барып,тәжірибе алмасып қайтты.a707840e-4e51-4661-8b94-f01a610cc666

Спикерлердің айтуынша, жұмыс сапардың басты мақсаты дүниедегі алдыңғы қатарлы медицинасы дамыған елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея мемлекетінің медициналық көмек көрсету жүйесінің жұмысымен танысу. Брифингте өз ойымен бөліскен Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дəрігері, топ жетекшісі Ибрагим Ташев өңірден барған делегациялар компютерлік-ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібімен, медициалық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктерімен, инсульт алған наукастарға көрсетілетін көмек, инсультан кейінгі реабилитация жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен танысқанын атап өтті.

«Біз ең алдымен 3 ауруханадан тұратын СЭМ медициналық клиникасының жұмысымен танысудан бастадық. Госпитальда медицинаның барлық салалары бойынша бөлімшелер бар, және олар кәсіби мамандармен заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, заманауи талаптарға сай келетін емдеу кешендері қатарына кіретін Аджу университеттік клиникасының жұмысын көрдік.  Онда бар-жоғы 80 студент дәріс алады. Клиника ұжымының айтуынша, бұл үздік медициналық мамандарды дайындаудың кепілі екен», - дейді Ибрагим Ташев.cc6166d5-9d06-417b-9fcc-b8a86ce120d1

Мұнымен қоса оңтүстікқазақстандық 20 дәрігер Кенгидо провинциясының вице-мері мен денсаулық сақтау министрінің қабылдауында болды. Онда қос тарап провинция медицина саласының жетістіктері мен медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы жайлы сөз қозғаған.

Баспасөз конференциясында сөз алған Шардара аудандық емханасының бас дәрігері Жанар Оспанова медициналық сақтандыру жүйесін ендіруде елу жылдық тәжірибе бар Оңтүстік Кореяның жүйесін өңірімізде жүзеге асыруға болатынын айтты. 

Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Əлімбаевтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда Сеул университеттік ауруханасынан басқа барлық госпитальдар толығымен жекеменшік екен. Ондағы медициналық көмектің барлығы, оның ішінде жедел жәрдем қызметі де ақылы түрде көрсетіледі. Ал, сақтандыру қорына азаматтар өзінің 20 пайыз табысын өткізіп отырады екен. Сол себептен, клиникалардың жаңа құрал саймандармен жабдықталып, пациенттерге заманауи үлгіде диагностикалық және емдік көмек көрсетуіне мүмкіндік бар.

Жалпы сапар қорытындысымен дәрігерлер облыста халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жандандыру, БМСК деңгейін көтеру, аудандық ауруханаларда реабилитация бөлімшелерін ашу, инсульттің алдын алу және реабилитацилық көмекті жандандыру және осы жұмыстарға қоғамдық ұйымдар мен әкімшілік қызметкерлерді жұмылдыру бойынша жұмыстарды дамыту қажет деп түйген.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Оңтүстік Корея республикасының бір топ үздік дәрігерлері Шымкентте еліміздің әр өңірінен келген медицина мамандарына мастер-класстар өткізіп, дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліскен еді. Онда Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы 4 клиникасымен ынтымақтастықты арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) арасында түзілген ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.

 

Сұхбат

PhotoRoom