ОҚО-да  құрастырлатын тракторлар Ресейге экспортталмақ  

Аймақ
26.09.2017, 22:29

Оңтүстік Қазақстан облысында Индустрияландыру картасы шеңберінде 2015 жылы іске қосылған «Kaz Kioti» трактор құрастыратын зауыттың өнімдері келер жылы Ресейге экспортталмақ.

Трактор құрастыратын және ауыл шаруашылық техникаларын шығаратын зауыт өнімдеріне бүгінде сұраныс артқан. Ашылған уақыт ішінде кәсіпорын  186 трактор құрастырып, 138 бірлік ауыл шаруашылық техникалары шығарған. Сонымен қатар, алаңы 4 гектар болатын жылыжайға каркастар жасап шығарған.vlcsnap-2014-11-20-12h36m08s153

Ордабасы ауданындағы «қазақ-түрік» индустриалды аймағында орналасқан зауыт Корея Республикасының инвесторларымен бірге іске асқан. Жылына бес мың трактор шығаруға қауқарлы зауытқа 7 млрд.теңге инвестиция тартылған. Мұнда 56 азамат жұмыспен қамтылған.

KIOTI тракторының беларусьтың «МТЗ» тракторынан айырмашылығы энергиясы көптігінде. Яғни, бұл тракторлар беларустық ауыл шаруашылық машинасымен бәсекелеседі. «Казкиото» таңбасымен шығатын тракторлар үш түрлі. Күш қуатына қарай 60, 80 және 100 деп бөлінеді. Болашақта сұранысқа байланысты аталған марканың күш қуаты 140-қа жететін трактор жасау. Бүгінде зауыт өнімдері өңірдегі «Амангелді» ЖШС мен «Green Land» сынды 500-600 гектар жерлері бар қожалықтарда PX1002PC-AU KIOTI маркалы тракторлары өз жұмысын көрсетуде. Зауыт сапаға қатты мән берген. Бұл трактордің ерекшелігі өте үнемді және ұзақ мерзімге шыдамдылығы, жүрісі жұмсақ, рөлі гидравикалы, трансмиссиясы жартылай автомат.

Сұхбат

PhotoRoom