«Сайрамсүт» кәсіпорнында күніне 20 тонна сүт өңделеді

Аймақ
27.09.2017, 00:45

Ет өндірумен қатар Сайрам ауданы сүт өнімдерін өндіру мен өткізуде алдыңғы қатарда. Осындай сүт өңдеумен айналысатын кәсіпорынның бірі Қарасу ауылындағы сүт өнімдері мен биокефир шығаратын «Сайрамсүт» ЖШС-гі. Өндіріс орнында күніне 20 тонна сүт өңделеді. Серіктестік бұл мүмкіндікке еліміздегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қол жеткізген. Бүгінде өнім ассортименті 30-ға жеткен. Өндірісте Ресей Федерациясының технологиялық құрал-жабдықтары қолданылуда. «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алған бұл кәсіпорын 60 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр.088a3a

Бұл компанияның өнімдері танымал брендтердің тауарларынан сапасы жоғары болғанына қарамастан 20 пайызға арзан. Зауыт облыстағы ішкі нарықтың 30%-ын қамтамасыз етеді. Дайын өнімдер Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Төле би аудандарына сатылады. Сайрамның сүті мен айранын, майлы қаймағы мен құртын көрші облыстардағы дүкен сөрелерінен де көруге болады. Өндіріске қажетті сүт осы маңдағы фермерлер мен жеке малшылардан қабылданады. Ағарған алдымен залалсыздандырылып, сосын барып өңделеді. Бастысы, кәсіпорын экологиялық таза, қоспасыз өнім шығаруды қолға алған. Жаңа технологияның артықшылығы, сүтті ірітпейді, ешқандай қоспа қосылмайды.

Сұхбат

PhotoRoom