Оңтүстікте өндірістік өнім шығаратын 800-ден астам кәсіпорын бар

Жаңалықтар
28.09.2017, 23:09

Оңтүстік Қазақстан облыста өндірістік өнім шығаратын 800-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ірі өндіріс орындарының арасында «Петро Қазақстан Ойл Продактс», «Химфарм», «Шымкентмай», «Феррум-Фтор», «Хилл-корпорейшн» және басқа да компаниялар бар. Жекелеген жобалар Қазақстан ғана емес, әлемдік деңгейде де бірегей саналады.84465e82-c5cb-42fe-8424-e4e57fed99b0

Мысалы, «Карлскрона» компаниясы – бұл Қазақстанның металлургия, машина жасау және инжиниринг саласындағы көшбасшы саналады. Зауытта мұнай өндірісі мен ТҮКШ саласында қолданылатын сорғылар шығарылады. Өндірісте неміс технологиясы қолданылады. Мұнымен қатар аймақта 3 цемент зауыты сәтті жұмыс істеуде. Шыны бөтелкелер мен банкалар шығаратын «Еврокристалл» ЖШС да жақсы дамуда. Кәсіпорын Қазақстанның шыны өндірісіндегі сұранысының 20%-ын қамтиды. Бұған қоса зауыт өнімдері Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне экспорталады.ON_ONIM-LOGO

Қазіргі таңда жергілікті билік қолайлы бизнес-климатты қалыптастыруға және кәсіпкерлердің ұсыныстарын жүзеге асыруға көп көңіл бөлуде. Облыс аумағында тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2017 жылдың 9 айында 213 564-ке жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 176 586 бірлікті құрап, 2016 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 105%-ға көбейді. Оңтүстіктегі шағын және орта бизнестің үлесі республика бойынша 15,2%-ға жетіп, бірінші орынды иеленді.

Сұхбат

PhotoRoom