Шымкентте қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған бәйгенің жеңімпазы автокөлік ұтып алды

Аймақ
30.09.2017, 23:58

Шымкентте қала күні мерекесін атап өту басталып кетті. Іс-шара алдымен оқушылардың шеруімен басталды. Әл-Фараби алаңында өткен ерекше шеруді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов және елағалары мен шаһар тұрғындары тамашалады.20170930183616 Алаңға жиналған өнер мектебінің шәкірттері, музыка және хореография ұжымдары мен жас спортшылар мерекелік шерумен жүріп өтті. 1500-ден астам оқушы қатысып, сап түзеген іс-шараны қала және өңіріміздің тұрғындары тамашалады. Айта кету керек, мерекелік әр шеру әр тақырыпқа арналды.    20170930183805 (1)Бұдан кейінгі іс-шара атшабарда өтті. Мұнда аламан бәйгесі ұйымдастырылды. Облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің мұрындық болуымен өткен бәйгеге осы мектептің өңіріміздің аудан-қалаларынан келген жас шәкірттері қатысты. 16 шақырымға созылған бәйге жеңімпаздарын облыс әкімі Жансейін Түймебаев марапаттап, жүлделерін табыс етті. 20170930183555Айта кетейік, аламан бәйгенің жеңімпазы атанған шабандоз Смайл Жеңіске бас жүлдеге тігілген "Нива" автокөлігі тарту етілсе, екінші орын алған Жасұлан Тұрғанбаевқа - 450 мың теңге, ал үшінші орын иегері Алик Нұрмаханбетовқа 300 мың теңге ақшалай жүлденің сертификаты табыс етілді. Айта кетейік, қала күні мерекесіне 30 мыңнан астам адам қатысуда. Мереке кешкілік гала-концертпен жалғасатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom