Шымкентте бірден 10 жұп отбасын құрды

Аймақ
28.10.2017, 00:06

Шымкентте қала күні мерекесінде бірден 10 жұп үйленді. «Қалыңдықтар шеруіне» келген жас жұбайлардың некесі қиылып, бір-біріне адал болуға ант берді. Отбасы аллеясында жиналған жұптар салтанатты неке куәліктерін алып, жүзіктерін тақты. Оларға шаһар басшылығы гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті. 20170928173343Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Рашид Аюпов  әкімнің арнайы құттықтауын жеткізіп, жас жұбайларға бақытты ғұмыр тіледі.     Бұл күні некесін қиғандардың бірі Нұрсұлтан мен Гүлбану махаббаттарының осыдан үш жыл бұрын басталғанын айтады. Колледжде оқып жүрген жас жігіт қызылордалық бойжеткенді бір көргеннен ұнатып қалыпты. 20170928173245Таныстықтың соңы сезімге ұласып, отбасын құрды. Ал олардың некесін  заңдастыру дәл қала күніне дөп түскен. Осылайша ел алдында жас жұбайлар заңды құжатқа қол қойды. Жас келін неке қию рәсіміне қазақы киініп, ақ орамалын тағып келіпті.     Айта кетейік, оңтүстік шаһарда заңды түрде отбасын құрғандар саны күн санап артып келеді. Биылғы жылдың өзінде 4356 адам түтінін түтетіп, жанұялы болған.

Сұхбат

PhotoRoom