Шымкентте бейнебақылау камералары арқылы 150-ден астам қылмыс ашылды

Аймақ
28.09.2017, 23:42

Шымкенттегі  қоғамдық орындар мен халықтың көп жиналатын көшелерінде 479 бейнекамера қойылған. Жыл басынан бері осы бақылау құралдары арқылы 157 қылмыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жедел басқару орталығы бүгінде қоғамдық орындар мен көпшілік жүретін жерлерде орын алған қылмысты бақылап отырады. Камералардың көмегімен ашылған қылмыстардың қатарында  68 ұрлық, 14 автокөлік ұрлығы,  12 тонау, 7 бұзақылық, 4 бұзақылық және қаруды заңсыз сақтау жайттары бар.  20170928120705 Мәселен, тамыз айында ЖБО бейнекамералары «ізін суытпай» автокөлік ұрлығын ашуға сеп болды. Полицияға 27 жастағы  автокөлік иесі қала көшелерінің бірінен оның «Рено» автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша бейнебақылау тобының қызметкерлері автокөлікті байқап, кешенді полиция күштеріне хабарлаған.   Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдікті азаматты ұстап, автокөлікті иесіне қайтарды. Тағы бір жайт бойынша бейнебақылау тобының қызметкерлері мейрамханалардың бірінде қаруға ұқсас заты бар күдіктіні байқап, полиция экипажын жолдаған.20170928120730 Тексеру барысында 24 жастағы жергілікті тұрғыннан «Премьер» тапаншасы тәркіленіп алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабымен «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»  бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.   Бейнебақылау камералары арқылы 34 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Оның 23 мыңы жол жүру ережесін бұзғаны бойынша тіркеліп отыр. Ұсақ бұзақылық үшін 840 азамат әкімшілік жауапқа тартылған болса, қоғамдық орында тәртіпсіздігі үшін 687 және қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені үшін 984 адам жауапқа тартылған.

Сұхбат

PhotoRoom