Шымкентте ауған соғысында қаза тапқан жауынгердің анасына баспана берілді

Аймақ
02.10.2017, 23:47

Шымкентте ауған соғысында мерт болған жауынгердің анасына баспана берілді. 35 жыл бұрын 18 жастағы ұлын соғысқа аттандырып кейін, қайта көре алмаған анаға 2 бөлмелі пәтер бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жат жерде көз жұмған Әбдірахман Гүлшара апайдың ұлдан тұңғышы еді. Ол әскерге жоғары білім алып жүрген жерінен аттанады. Кейін әскери борышын өтеп жүріп ауған жеріндегі ұрыстарға қатысқан. Сөйтіп, жараланған жауынгерді құтқару кезінде өзі оққа ұшып, жан тапсырады. Бүгінде батыр ұлдың ерлігі жайлы естеліктер көп. 20171002130516Оның батылдығы жайлы суреттер де сыр шертетіндей. Енді міне сол ерлігі билік тарапынан да бағаланып отыр. Әбдірахманның артында аман қалған анасы мен бауырына екі бөлмелі пәтер беріліп отыр. Баспана суретіне қарағанда қабырғасы қайысып, ұлының есімін есіне алғанда езілетін ананың көңіліне жұбаныш болды. «2006 жылы баламның атынан кезекке тұрдым. Себебі, осы күнге дейін пәтер жалдап жүрген едік.  Енді міне баспаналы болып қуанып жатырмыз. Араға 35 жыл салып қаза тапқан баламның рухына көрсетілген ізет болғандай бұл»,- дейді Гүлшара Жұмалиева.   Бүгінде өңірде ауған соғысына қатысып, қаза тапқан 96  жауынгердің отбасы бар. Одан бөлек 100-ге жуық ардагер баспана кезегінде тұр. Олар 10 жылдай уақыттан бері кезегін күтіп келеді. «Бұл кезек 4-5 жылдың көлемінде жылжи бастады.  Шымкентте үйлер салына бастағаннан тоқтап қалған осы ауған соғысы ардагерлерінің кезегі келіп жатыр. Оған ардагерлер атынан алғысымызды айтамыз», - дейді  Облыстық ауған және жергілікті соғын ардагерлері одағының төрағасы.

Сұхбат

PhotoRoom