Шымкентте қала күніне 1500-ге жуық оқушы қатысқан мерекелік шеру өтті

Аймақ
02.10.2017, 23:52

ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІН ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚТАЙ АТАП ӨТТІ. АПТА БОЙЫНА ТОЙЛАНҒАН ҚАЛА КҮНІ ЖАСТАРДЫҢ ШЕРУІМЕН ЖАЛҒАСТЫ. 1500-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ҚАТЫСҚАН МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ.

Әл-Фараби алаңындағы мерекелік шерудің шымылдығын жас барабаншылар бастады. Ұрмалы аспапта шебер ойнаған өнерпаздар Шымкенттің аспанын барабан үнімен жаңғыртты.baraban

Алаңға жиналған өнер мектебі шәкірттерінің арасында хореография ұжымдары да болды. Бишілер бірінен кейін бірі қала күніне орай арнайы безендірілген алаңмен түрлі-түсті костюмде жүріп өтті. Мың бұрала билеп қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шеруді әрмен қарай жас спортшылар, ертегі әлемінің әртістері жалғастырды. Әрбір ұжым тек сап түзеп жүріп қана қоймай, өнер көрсетті. Арнайы сахналық қойылым дайындап келгендері де бар.

Салқын ауа райына қарамастан жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Көңіл күйлері де көтеріңкі. Қала күнінде тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлаған жас өнерпаздарға алғыстарын жаудырды. Баршаны мерекемен құттықтап, тек жақсылық болуын тіледі.

“Сүйікті Шымқала” шеруін тамашалағандардың қатарында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та болды. Шеру соңында жастар көк туымызды желбіретіп, патриоттық ән салды.

Сұхбат

PhotoRoom