Шымкентте тік ішек ауруларын бір-ақ сағатта емдейтін емхана ашылды

Аймақ
02.10.2017, 23:56

Облысымызда тұңғыш рет флебология және лазерлі медицина клиникасы ашылды. Латвиядағы «Доктор Мауриньштың Тамыр Орталығы» енді шымкенттіктерге қазмет көрсетеді. Көк тамырдың кеңеюі және тікішек ауруларын небәрі 1 сағатта емдейді. Лазерлі құрылғылар арнайы шет елден әкелінген.

Улдис Мауриньш – м.ғ.д., Доктор Мауриньштың тамыр орталығының құрылтайшысы

  • Біз басқа шет елдермен әріптестік орнатпағанбыз. Алғышқы болып Қазақстанда ашып отырмыз. Біздің әдістеріміз неміс медицинасы негізінде жүргід\зіледі. Оның ең алғашқы себебі мен сол елде білімімді жетілдіргенмін. Қазақстанды текке таңдаған жоқпыз, өйткені бұл жердегі дәрігерлер өз ісінің нағыз маманы. Әрдайым инновация игіліктерін игеруге ынталы

       Дортор Мауриньш клиникасы әлемдегі заманауи емханалардың бірі. Озық тәжірибе, озат құрам енді шымкенттіктер үшін қызмет көрсетпек. Халықаралық дәрежедегі медициналық орталықтың мүмкіндіктері де зор.

Талғат Сартаев – Доктор Мауриньш атындағы флебология және лазерлі медициналық клинаиканың бас дәрігері

  • Бұл жеке клиника емес, бұл халықаралық клиника. Лазерлі емдейтін 1-ші клиника. Көктамырдың кеңеюін емдейді. Бұл жерде азаматтар ұзақ жатпайды. 1 сағатта ауруынан толық айығып шығады. Қазір бізден сұрап жатыр, неге қымбат деп, өйткені біз құрылғыларды пайдаланылатын заттарды шет елден әкелеміз.

       Мұндай орталық барлық аймақтарға қажет-ақ. Өйткені, көктамырдың кеңеюі мен тікішек аурулары қазір дендеп тұр. Оны емдеу үшін ұзақ уақыт жоғалтқысы келмейтіндер үшін жаңа клиника зор мүмкіндік сыйлап отыр.

Нұрсұлтан Қоспанов – Алматы қаласы «MEDITERRA» клиникасы ангихирургия департаментінің басшысы

  • Бізде қандай, бізде ауруды анықтау үшін анализ аламыз, оны ауруханаға жатқызамыз, ия.? Ал бұл жерде ондай жоқ, келесіз, жатасыз емделіп, бір-ақ күнде шығып кетесіз. Бұл әлемде қолға алынып жатқан жоба. Сондықтан Шымкентте ашылғаны өте қажет. Флебология деген барлық жерге қажет медициана.

       Аталмыш клиника заманауи технологияны пайдалана отырып, көктамырдың кеңеюін лазер арқылы кепілдікпен емдейді. Ол үшін соңғы үлгідегі «Leonardo Dual» лазері әкелінген. Айтып өтейік, аталған құрылғы Қазақстанның өзге аймақтарында әлі жоқ. Проктология ауруларын да емдеуге қауқарлы құрылғы  шымкентке жеткізіліп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom