Оңтүстікте «Дайын бизнес» атты жаңа  бағдарлама іске асырылады 

Жаңалықтар
04.10.2017, 18:49

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік саласы бойынша ең белсенді облыстардың бірі.  Сондықтан да мұнда кәсібін іске асыруға ниетті адамдар көп, бірақ көбінесе олардың өз бизнесін жасауға мүмкіншілігі жетпей жатады. Ең бірінші себеп – бұл кепіл мүлкінің жоқтығы немесе жеткіліксіздігі. Осы мәселені шешу мақсатында «Оңтүстік» инвестициялық орталығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - мен келіссөз жүргізіп, «Дайын бизнес» деген жаңа бағдарламаны іске асырмақ. 6463f522-c9d7-4157-8ce1-8e7e7c2faad0

Бағдарламаның басты ерекшелігі - кәсіпкерден аванс ретінде алғашқы жарна алып бизнесті құру, сонымен «Дайын бизнесті» кәсіпкерге өткізіп, сол бизнестің өзін кепілдік ретінде қабылдайды. Бұл процесс «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - нан қаржы тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Аталған бағдарлама аясында компания бірнеше бағыт бойынша жобалар әзірлеуде. Олардың бірі жалпы аумағы 45 гектар болатын «Бадам» жылыжай өнеркәсіп кешенін құру. «Бадам» индустриалды аймағында орналасатын жылыжайдың 70 пайызы жергілікті тауар өндірушілердің тауарларымен жабдықталатын болады.

Сонымен қатар, тәулігіне 1000 литр сүт өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық сүт зауытын құру». Сүт зауыты -  зертхана, сүт қабылдау бөлімі, тоңазытқыш, жабдықтарды санитарлық тазарту, шағын дүкен сияқты бөлімдерден құралатын болады.

Осындай жүйе негізінде тәулігіне 1000 кг. шұжық өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық шұжық цехын құру» жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске қосылатын дәрежеге жеткізіліп, «дайын бизнес» ретінде кәсіпкерге лизинг етіп ұсынылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom