Қазығұрттық фермер Қазақстанда бірінші болып беке өсіруді қолға алды

Аймақ
06.10.2017, 00:32

Қазығұрттық фермерлер Қазақстанда бірінші болып, беке өсіруді қолға алды. Биыл 50 тонна жеміс жинау жоспарда тұр. Шаруашылықта қазір 500 гектар қарқынды бақ бар. Олардан алынған өнімдердің жартысын Ресейге экспорттау көзделіп отыр,- деп жазады khabar.kz

сайты. Тұрқы онша биік емес ағаштар жеміске толып тұр. Олардың әрқайсысында 20 килограмм беке бар. Бұл бірінші өнім. Бір аптадан кейін жемісті жинау басталады. Шамамен 50 тонна өнім аламыз дейді бағбандар. Блюда-из-айвы

 «Енді бұл айваның керемет қасиеті – оның ауруға өте төзімді келеді. Сонымен қатар сақтауға өте қолайлы»,деді шаруашылық басшысы Нұрлан Құралов.

Оңтүстік Қазақстанда өсірілген жемістің алғашқы дәмін астаналықтар татады. Осындағы супермаркеттерге бекемен бірге алма, алмұрт, жүзім де келеді. Келісімдер алдын ала жасалып қойған. Шаруашылық биыл 2 мың тонна экологиялық таза өнім жинады. Жартысын Ресейге жіберген. Келер жылы мұнан да көп өнім алынбақ. Көктем шыға 200 гектар алқапқа жаңғақ егіледі. Оны да тамшылатып суару арқылы баптайды.

Сондай-ақ мұнда көшет өсіретін питомникте бар. Онда жаңғақ пен 15 түрлі алма сорты және жүзім өсірледі Оларды Еуропадан, Италия, Түркия, Голландия мемлекеттерінен әкелген. Жергілікті табиғатқа жақсы бейімделеді. Келешекте жемістерді өңдейтін цех ашу жоспарда тұр. Оларды сақтау мәселесі де шешілген. 2 мың тонналық қойма салынды. Сондықтан жаңа өнімдер мұнан жыл бойы табылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom