«Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысы

Жаңалықтар
06.10.2017, 11:45

0S7A6473

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысына арналған брифингі өтті.

Журналистердің сұрағына ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов, Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Кенжеболат Мыңбаев жауап берді.

М.Жайымбетовтың айтуынша, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10,1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді (99 мың пәтер) пайдалануға беру күтіліп отыр.

«Биыл 8 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,9 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік инвестиция есебінен 636,2 мың шаршы метр (9,2%) немесе 10366 пәтер тапсырылды», - деді комитет төрағасы.

0S7A6489

Анықтама: Ең көп көлемде пайдалануға берілген тұрғын үй Астана (1,8 млн. кв. м), Алматы (1,0 млн. кв.м) қалаларында және Маңғыстау (649 мың кв. м), мен Оңтүстік Қазақстан (400  мың кв.м) облыстарында тіркеліп отыр. Республика бойынша 60 690 баспана пайлануға берілген. Оның ішінде 18 331  жеке үй, көпқабатты үйлерде 42 359 пәтер.  Биыл жыл соңына дейін 140,6 мың шаршы метр (2431 пәтер), 2018 жылы 70,6 мың шаршы метр тұрғын үйді (1225 пәтер) пайдалануға беру жоспарлануда.

Биыл сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына 25 млрд. теңге мақсатты трансферт бөлінді және өңірлерге 1,5 млрд. теңгеден таратылды. Өңірлерге аударылған 14,3 млрд. теңге қаржының 1 қыркүйектегі есеп бойынша 13,3 млрд. теңгесі немесе 93,3%-ы игерілді. Биыл 150 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда.

0S7A6509

Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі таңда екінші деңгейлі 5 банк бағдарламаны белсенді іске асыруға кірісті. Олар: «Сбербанк», «АТФ Банк», «БЦК», «Bank RBK»,  «ҚТҚЖБ», «Банк ВТБ» банктері.

Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тартуға биыл республикалық бюджеттен 83,4 млрд. мақстатты трансферт бөлінді. Жалпы, алдағы уақытта 60 мың жеке тұрғын үй құрылысы салынатын жер учаскелерін инженерлік коммуникациямен қамту көзделген.

Сұхбат

PhotoRoom