Шымкентте жаңа аялдамалар орнатылуда

Аймақ
07.10.2017, 01:14

Шымкент қаласының орталық санатындағы көшелерінде биыл заманауи үлгідегі жаңа 90 аялдама тұрғындардың игілігіне беріледі.

Қазіргі таңда, оның 70 данасы орнатылған. Француз үлгісіндегі шыны аялдамаларда жарнамаға арналған стенд, аялдама аты жазылатын тақтайша орнатылып, қоғамдық көлік бағыттарының жүру сызбалары көрсетіледі. Және онда бей-берекет жапыстырылған жарнама қағаздары үшін қатаң айыппұлдар қарастырылған. Жаңа аялдамалар үшін жергілікті бюджеттен 83 миллион теңге қаржы жұмсалған.

Ал ондағы ескі аялдамалар қала аумағына қосылған елдімекендер аумағына орналастырылуда.

Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында әлі де болса, 200-ге таяу аялдаманың жетіспеушілігі сезілуде.

 

Сұхбат

PhotoRoom