Әкімдік мамандарының жұмыс кестесі өзгерді

Аймақ
09.10.2017, 21:02

Шымкент қаласы әкімдігі мамандарының жұмыс кестесі өзгерді. Қалалық әкімдіктің ішкі тәртібі бойынша 2017 жылдың қазан айынан бастап әкімдік аппаратының және бөлімдерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні таңғы сағат 08:30-дан бастап кешкі сағат 18:00-ге дейін созылады. Түскі үзіліс - 13:00-ден 14:30-ға дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кетейік, жаңа жұмыс кестесі шұғыл қызметтерге қатысты емес.

1507544960- Жаңа жұмыс тәртібіне ауысу - жұмыс уақытын тиімді пайдалануға арналған ауқымды бағдарламаның алғашқы қадамы ғана. Бұл кезеңдегі біздің мақсатымыз - қызметкерлерге жұмыс уақытының әр минутын тиімді пайдалануға үйрету. Ал қалған жаңашылдықтар туралы сәл кейінірек толық айтып береміз. Ең бастысы - осының нәтижесінде әкімдіктің барлық қызметінің жұмысы едәуір жақсарады, - деді қала әкімі аппаратының жетекшісі Рашид Аюпов.

Сұхбат

PhotoRoom