Шымкент 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы

Аймақ
13.10.2017, 22:24

Бұл туралы Сочи қаласында өткен ТМД елдері басшыларының саммитінде айтылды. 9 мемлекеттің басшылары бас қосқан алқалы жиында бір жыл ішіндегі мәселелер талқыланып, болашақтағы жоспарлар бекітілді. C8aJpzm0nYF2OF43D2vHaN5j4T29G7

Шара барысында ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев 2018 жылдың мәдени астанасы Арменияның Горис, 2019 жылы Брест, ал 2020 жылы Шымкент қаласы болатынын және алдын ала айтылған шешімдер қалалардың түрлі мәдени шараларды өткізуге ерте бастан дайындалуына мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Мұндай мәртебе ШымшаҺарға бекер берілген жоқ. Соңғы 3 жылдың ішінде қала аумағы 117 мың гектарға кеңейіп, жаңа аудандар қосылды. Экономикасы өсті. Сондай-ақ, миллионға жуық қалада мәдени шараларды өткізетін жаңа нысандар бой көтерді. Бұл өз кезегінде еліміздегі үшінші мегаполис қаланың әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Сұхбат

PhotoRoom