Қала әкім шымкенттік шенеуніктерге қызметтік көлікпен жүруге тыйым салды

Жаңалықтар
16.10.2017, 23:25

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қарамағындағы қызметкерлеріне қызметтік көлік мінуге тыйым салды. Әкім бір ай уақыт аралығында қоғамдық көлікпен жүру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы қала басшысы қоғамдық көліктер мәселесі талқыланған жиналыста айтты. 20171016195016Қызметтік көліктермен жүруге тыйым қала әкімінің өзінен бастап орынбасарларына, аппарат жетекшілеріне, бөлім басшыларына, қалаға қарасты аудан әкімдері мен орынбасарларына, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелер жетекшілеріне қатысты болып отыр. Шаһар басшысы осылайша үнемделген ақшаны орта және қатардағы қызметкерлерге сыйақы беруге жұмсамақ. Себебі, қоғамдық көліктер мәселесі қанша айтылғанымен ондағы проблемалар шешілер емес. Ғабидолла Әбдірахымов қарамағындағы басшыларға жұмыс орнына бір апта бойына қоғамдық көліктермен келіп кетуді міндеттеді. Шенділер осы әдіс арқылы автобустар мен қоғамдық көліктердегі кемшіліктерді көзбен көріп, анықтауы тиіс болады. Мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындарының сын ескертпелері арнайы комиссияның қарауына жіберілмек. Ал, кемшіліктер жіберген,  тәртіпке бағынбаған көлік компаниялары комиссия қортындысының шешімімен жолаушы тасымалдау қызметінен шеттетілмек. Сондай-ақ, оларға қатысты арыз шағымдардың нәтижесінде арнайы реитингі шығып, қызмет көрсету сапасы нашарларына шара қолданылады, -деді Шымкент қаласының әкімі.22489837_1519912178087816_4873665777813619418_n

Шаһар басшысы сонымен қатар қызметкерлеріне  әкімдікте мүмкіндігінше жиналыс жиындарды азайтып, қажет болған жағдайда телефон немесе селектр секілді электрондық байланыс түрлерін қолдануды тапсырды. Ал, тұрғындарды осы бағыттағы жұмыстарға белсенді түрде атсалысуға шақырды. Атап айтқанда автобустар немесе бағыттағы көліктер тарапынан кемшіліктерді анықтаған жағдайда 545-545 нөмірі арқылы call-орталыққа немесе +7 777 885 8513 нөмірімен WhatsApp желісіне, сондай-ақ әкімдіктің  Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға хабарласып, жазып жіберулеріне болады.

Сұхбат

PhotoRoom