Рухани жаңғыру» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Жаңалықтар
20.10.2017, 16:01

1700b561486a81d6519d3fdbee5a0e8e

2017 жылғы 20 қазанда Астанада Еуразиялық интеграция институты өткізетін «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбында сарапшылық кездесулер сериясынан 2017 жылғы қорытындылайтын халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртудың тұжырымдамалық проблемалары талқыланды.

Конференцияның жұмысына 100-ден астам адам қатысты. Олар – ғылыми-сарапшылық қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

bb0950d3da4868d6b1dd1866231f0ea6

Конференцияның жалпы отырысының модераторы – Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, жобаның Жұмыс тобының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп, Бюроның жұмысында жобаны іске асыру жөніндегі негізгі басымдықтарды баяндап берді. Берілген ақпаратқа сәйкес қазіргі таңда 100 оқулықтың он сегізі жариялауға дайындалып жатыр. Сонымен қатар, ең танымал оқулықтар таяу уақытта 100 kitap.kz. сайтында электронды форматта қолжетімді болатыны да айтылды. Ғылыми-сарапшылық қоғамдастық оқулықтарды латын графикасына көшіруге дайындық процесі туралы да ақпарат алды.

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аса зор маңызын атап өтіп, конференцияға қатысушыларды Институт іске асырып жатқан жобалармен де таныстырды.

Ғ. Нығыметов өз сөзінің барысында «Жаңғыру 3.0: Рухани жаңғыру» деген тақырыпта өткізілген дөңгелек үстелдер мен конференциялардың нәтижелерін айтып берді, олардың барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды. Сонымен бірге ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері сапалы менеджментпен сүйемелденіп келгенін, мұның өзі оны қоғамдағы ең бір танымал бағдарламаға айналдыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

ЕИИ директорының пікірінше,«үздік әлемдік туындыларды қазақ тіліне аудару – бұл, әрине, бәрінің  шешімі емес, әрі ол адамды бір сәтте-ақ бәсекеге қабілетті ете алмайды, алайда әдебиетпен танысу білім қорын сапалық жағынан күшейтетіні анық, бұл болашақта табыс кепілі болмақ».

Конференцияда ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған; Франциядан келген философия ғылымдарының докторы, профессор Реми Хесс және басқа да ғалымдар мен қоғам қайраткерлері спикер болды, «Философия бойынша басты 25 кітап: талдау мен түсіндіру» атты кітаптың авторы гуманитарлық білімнің рөлі мен маңызы жөнінде айтып өтті.

 


 

https://primeminister.kz


 

Сұхбат

PhotoRoom