ОҚО-да аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Жаңалықтар
25.10.2017, 20:47

Бүгін Көксәйек ауылында №9 колледже Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Аналар кеңесінің көшпелі мәжілісіне облыстық аналар кеңесінің төрайымы – Балқия Көмекбаева, Леңгір қалалық әжелер алқасының төрайымы – Күлбазар Есенова, репродуктивтік денсаулық саласы бойынша педагог – Гүлжан Айберова қатысты.564

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау, оны жүзеге асыру мақсатында өткізілген отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселе – қазіргі қоғамда балаларды тәрбиелеу, отбасының сақталуы жолындағы аналардың рөлі болды. Қатысушылар жастар арасындағы суицид, оның орын алу себептері, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, отбасындағы агрессивті мінез-құлық мәселелер бойынша сауалдарға жауап іздеді.698

Балқия Әбдіманапқызының ерекше ұшқыр ойы мен ұшан-теңіз тіл байлығы колледж студенттері мен залда жиналған аналар, ұстаздар қауымын баурап алды, ерекше жігер дарытты.

Ал, Гүлжан Қасымбекқызы «Өтпелі жастағы жастар: репродуктивтік денсаулық бойынша құқықтары» атты тақырып аясында тренинг өткізіп, орын алып отырған жағдайды айту, ортаға салып талқылау ұят емес екендігін айтып, жас буынмен пікір алмасты. Буыны қатпаған жас жеткіншектің бойына біткен баласының  кішкене күнәсіз нәресте екенін еске салып, ойланбай істелген істің бүкіл адам тағдырына балта шабатындығы туралы қадап айтты. «Жастар арасында проблема өте көп. Статистикаға жүгінетін болсақ, өкінішке орай қазіргі таңда 14 жасқа толған жеткіншектердің 52 пайызы жыныстық қатынасқа түседі екен»-деді Гүлжан Қасымбекқызы өз сөзінде.32

Кеңесті қорытындылаған колледж директоры Болат Жанәбіл тәрбиелік мәні зор жиынды ұйымдастырушыларға, келген қонақтарға алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.

Сұхбат

PhotoRoom