«Бөрте-Милка» компаниясы тәулігіне 50 тонна сүт өңдейтін зауытты іске қосады

Жаңалықтар
25.10.2017, 21:14

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан  ең соңғы үлгідегі қондырғыларымен жабдықталған «Бөрте-Милка» кешенді сүт фермасы таяуда сүт өңдеу зауытын іске қоспақ.a04a8cbf-bd7b-4921-a423-919ae3930051

Тәулігіне 50 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран және балаларға арнап «Бөрте Милка» йогуртының 6 түрін шығаратын болады. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда зауыт іске қосылуға толықтай дерлік дайын. Жұмысын бастаған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастамақ. Олармен келісім-шарт жасалады.18696211-2143-4046-85d0-81afe9a02f7c

Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып соғылған.

Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады - сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау камералары орнатылған.

Инвестиция көлемі 2,4 млрд теңгені құрайды. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 700 сиыр бар. Әрқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 9 тонна сүт жиналуда.

Осынау жұмыстың барысымен бүгін облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы ұйымдастырған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері мен блогерлер танысып көріп қайтты.

 

Сұхбат

PhotoRoom