Шымкентте әлемнің 46 елінің ғалымдары бас қосты

Аймақ
27.10.2017, 20:23

Шымкентте әлемнің 46 елінің ғалымдары бас қосты. Шетелдік қонақтар М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Өндірістік технологиялар және инжиниринг» атты ғылыми конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осымен төртінші рет ұйымдастырылған халықаралық шараға Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Түркия, Малазия  сияқты дамыған елдердің ғалымдары арнайы келді.20171027145906 Олар алқалы мәжілісте ІТ технологияны дамыту, энергия көздерін сақтау мен агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. 46 елден келген 120-дан астам ғалым қазақстандық әріптестерінің жетістіктерімен танысып, тәжірибе алмасты. Ссебебі соңғы жылдары Қазақстан ғылымның барлық салаларында  үлкен ірі жетістіктерге қол жеткізілуде. Бұл бағытта өз үлесін қосып отырғандардың қатарында  Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары да бар.  Жалпы, Шымкент - 2020 жылы ТМД мемлекеттерінің мәдени астанасы болып бекітілді. Осыған орай, ғалымдар 2 200 жылдық тарихы бар көне қаланың археологиялық ескерткіштерін қорғап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұстаздардың ізденісі арқасында Отырар ауданында ежелгі Қаңлы мемлекетінің көне жәдігерлері табылды. Бесіншітөбе, Пышақшытөбе және Алтынтөбе қорымынан табылған дүниелер қазір зерттелу үстінде. Айта кетейік, халықаралық жиынға 300-ден астам мақала келіп түскен. Олар таяу күндері таңдамалы жинақ болып басылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom