«ТрансЕуразия-2017»

Жаңалықтар
02.11.2017, 11:16

photo5465595246122477817

Астанада «Жаңа Евразия:. Еуразиялық трансқұрлықтық бағыттар көлік-логистикалық жүйесін дамыту» тақырыбында «ТрансЕуразия-2017» көлік-транзиттік әлеуеті туралы мерейтойлық X Халықаралық конференция аяқталды.

Конференцияға мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, сондай-ақ халықаралық,  аймақтық және қаржы ұйымдарының, көлік қауымдастықтарының және компанияларының өкілдері ретінде 300-ден астам қазақстандық және шетелдік делегаттар қатысты.

Конференцияға қатысқан жоғары лауазымды шетелдік қонақтардың арасында Түркі кеңесінің басшылары, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Әзірбайжан, Ресей, Литва және Латвия Көлік министрліктерінің, ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының басшылары болды. Сондай-ақ, 23 мемлекеттің дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өз сөзінде Қазақстан үшін ашық теңізге шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі ел үшін әлемдік көлік жүйесіне тиімді ұлттық көлік инфрақұрылымын және оның прогрессивті интеграциясын құру елдің экономикалық өсуін айқындайтын факторлардың бірі болып табылатынын мәлімдеді.

photo5465595246122477819

Бұл тұрғыда, мемлекеттік бағдарламаларды қабылдау және жүзеге асыру арқылы көшбасшылық және мемлекеттік жаңа және қолданыстағы жолдарды жаңғырту, темір жол, порттар мен әуежай инфрақұрылымын, теңіз нысандарының құрылысына республиканың барлық аумағыы бойынша көңіл бөлінеді.

Министр Жеңіс Қасымбек 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ірі көлік жобаларын толығымен қамту арқылы еуразиялық кеңістіктегі негізгі көлік дәліздері мен бағыттарын біріктіру үшін үкіметаралық деңгейдегідей, іскерлік топтар арасында да ынтымақтастықта болуға шақырды.

Сонымен қатар, жалпы отырыс спикерлері еуразиялық кеңістікте басты ұлттық көлік инфрақұрылымын дамыту аспектілері, тиімді транзиттік көлік жүйесінің жұмыс істеуі және трансқұрлықтық көлік дәліздері туралы пікір алмасты.

photo5465595246122477821

Өңірлер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Азия – Еуропа  бағытында еуразиялық трансқұрлықтық бағыттар құрудың жаһандық және өңірлік маңызы артып келе жатқанын атап өтті. Конференция қатысушылары аймақтық көлік байланыстарының архитектурасын құруда АДБ және ЕҚДБ сияқты халықаралық қаржы институттарының қосқан үлесін жоғары бағалады.

Конференцияны қорытындылай келе, қатысушылар «ТрансЕуразия-2017» көлік және транзиттік әлеуетіне арналған X Халықаралық конференцияның Қарарын қабылдады.

Еске сала кетейік, қарашаның 1-нен 3-іне дейінгі аралықта өткен конференция аясында БҰҰ-ның көлік және шекарадан өту СПЕКА жобалық жұмыс тобының 22-сессиясы, көлік және логистика бойынша 21-ші TransKazakhstan/Translogistica 2017 халықаралық көрмесі, қосымша іс-шаралар сериясы ұйымдастырылды.

photo5465595246122477816

БҰҰ-ның СПЕКА бойынша Көлік және шекарадан өту жөніндегі жобалау жұмыс тобы БҰҰ СПЕКА-ның тұрақты даму мақсаты жөніндегі (ТДМ) семинары және «Интермодальдық көлік дәлізін дамытудың жаңа драйвер ретіндегі» БҰҰ ЭСКАТО арнайы сессиясынан құралады.

http://www.mid.gov.kz

суреттер :  Гани Умирбеков

Сұхбат

PhotoRoom