Сарыағаш ауданында жаңа электр стансасының іргетасы қаланды

Жаңалықтар
05.11.2017, 22:23

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станцияның құрылысы басталды. Сағатына 20 мВТ тоқ шығаратын заманауи нысанның іргетасы Жылға ауылдық округінде қаланып отыр,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.1 (15)

Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық мәслихат хатшысы Жәнібек Сүлейменов, «ЕкоПроТех-Астана» ЖШС-нің директоры Назиржон Темиров және Жылға ауылының бір топ тұрғындары қатысты.

Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын жобаны іске асыруды  «EcoProTech-Astana» ЖШС қолға алып отыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы жер аумағы 41 гектарды  құрайды.3 (6) 

Айта кетейік,  «EcoProTech-Astana» ЖШС-нің құрылтайшысы германиялық «DAY ENERGY GmbH» компаниясы. Аталған мекеме энергияны жаңарту саласындағы жобаларды дамыту мен фотовольттық панельді және су энергиясын өндіруге негізделген.  Күн сәулесінен өндірілген электр энергиясын теміржол саласына қолдану жобасы әлемде алғаш рет қолға алынып отыр.

Қазіргі таңда «EcoProTech-Astana» ЖШС-гі мемлекеттік сараптама қортындысын алып, жобаны қаржыландыру үшін банктермен келісім-шарт жасасып жатыр.  Сондай-ақ, олар жобаға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп беретін компаниялармен келісім жасасып, алғашқы қаржыларын аударып та қойған.

ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – жасыл экономика. Яғни болашақтың энергиясын іздеу және баламалы көздерін табу әрі пайдалану болып отыр. Осы ретте, аталған жобаны жүзеге асыру шамамен 300 күні бұлтсыз болатын Оңтүстік Қазақстан облысында өте тиімді

 

Сұхбат

PhotoRoom