ОҚО-ның барлық аудандарынан жаңа бағдарлама аясында модульді ет цехы іске асырлады

Түркістан облысы
07.11.2017, 11:23

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасап, кәсібін ашуға қол байлауды болдырмау мақсатында «Оңтүстік» инвестициялық орталығы мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бірлесіп, «Дайын бизнес» деген жаңа бағдарламаны іске асырмақ. Бағдарламаның басты ерекшелігі - кәсіпкерден аванс ретінде алғашқы жарна алып бизнесті құру, сонымен «Дайын бизнесті» кәсіпкерге өткізіп, сол бизнестің өзін кепілдік ретінде қабылдайды.78212bc9a7fc82a36de7cedccbf6df51_XL

Бұл процесс «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - нан қаржы тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Аталған бағдарлама аясында компания бірнеше бағыт бойынша жобалар әзірлеуде. Олардың бірі жалпы аумағы 45 гектар болатын «Бадам» жылыжай өнеркәсіп кешенін құру. «Бадам» индустриалды аймағында орналасатын жылыжайдың 70 пайызы жергілікті тауар өндірушілердің тауарларымен жабдықталатын болады. Сонымен қатар, тәулігіне 1000 литр сүт өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық сүт зауытын құру». Сүт зауыты - зертхана, сүт қабылдау бөлімі, тоңазытқыш, жабдықтарды санитарлық тазарту, шағын дүкен сияқты бөлімдерден құралатын болады. Осындай жүйе негізінде тәулігіне 1000 кг. шұжық өнімдерін өңдеу және сатуға қауқарлы «Ауылдық шұжық цехын құру» жобасы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске қосылатын дәрежеге жеткізіліп, «дайын бизнес» ретінде кәсіпкерге лизинг етіп ұсынылатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom