Атырауда фармацевтикалық препараттар зауыты салынады

Аймақ
17.10.2014, 11:41

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Атырау облысында жалпы құны 1,6 трлн теңге болатын 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр" деді бүгін Астанада журналистер алдында. 

«Бүгінде 28 жоба іске қосылды. 22 жоба өзінің жоспарлы қуатына шықты, қалған жобалар жыл соңына дейін жоспарлы қуатына шығуы тиіс. 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, 26 млрд теңгеден астам өнім өндірілді. 4 млрд теңгеден астам салық түсті», - деді Атырау облысының әкімі. 

Биылғы жылдың соңына дейін жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 7 жоба іске қосылады, нәтижесінде 466 жұмыс орны ашылады. 

Биылғы жылы облыста 3 құс фабрикасы, фармацевтикалық препараттар зауыты, кабельдер шығаратын кәсіпорын, химиялық реагенттер зауытының құрылысы басталмақ. 

Сонымен қатар, 2015 жылы жалпы құны 12,9 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны, 2016-2017 жылдары жалпы құны 1,46 трлн теңге болатын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom