Шымкентте жолаушылар тасымалын жақсарту үшін жаңадан 12 бағыт қосылады

Аймақ
13.11.2017, 23:32

Жыл соңына дейін Шымкентте жолаушылар тасымалын жақсарту үшін жаңадан 12 бағыт қосылады. Қоғамдық көліктердің дені қаланың шеткі елдімекендерінен орталыққа қатынайды. Ал, жүру жиілігін бұзған компаниялармен қазірдің өзінде келісімшарттар бұзылып жатыр. Сондай-ақ, келер жылға дейін бірқатар елдімекендер сапалы жарыққа қол жеткізеді. Бұл – облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Шымкент қаласы әкімін тағайындау кезінде берген тапсырмаларының нәтижесі20160512055055

ТҰРҒЫНДАР САПАЛЫ ЖАРЫҚ ТҰТЫНАТЫН БОЛАДЫ

Қазір Шымкенттің шеткі аудандарында электр желілерінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бозарық 1,2,3 елдімекендерінде басталған шаруа жыл соңына дейін бітеді деп жоспарланған. Ал, келер жылы «Құрсай» және Қайнар шағынаудандарын жоғары сапалы жарықпен қамту үшін жобалық сметалық құжат әзірленеді.

"41 елдімекен қосылған қалаға Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарынан. Қазіргі таңда әр елдімекен бойынша әлеуметтік экономикалық картасы әзірленген сол карта қала әкімі мен бектіліп әр елдімекен бойынша қандай жұмыстар атқарылатыны көрсетілген",-деді Шымкент қалалық тұрғынүй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов.

Бүгінде қаладағы өзекті мәселенің бірі ол қоғамдық көліктерге қатысты. Автобустардың кешке қарай саябырсып, жүрмей қоятыны, жолаушыларды шектен тыс артатыны айтыла – айтыла жауыр болды. Бірақ, жақсарған жағдай байқалмады. Оны облыс әкімі де тілге тиек етті. Содан болар, тиісті бөлім шұғыл шешім қабылдапты. Халық көп шоғырланған елдімекендерден қалаға қатынайтын 12 бағыт ашып, тасымал саласында ісі сұйық, бес бағытқа жауапты мекемемен келісімшарт үзген.

Қуатжан Жұматаев – Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Атап айтатын болсақ, 38,21,33,12А, 134 осы бес бағытпен бүгінгі таңда бір жақты келісімшартты үздік. Олар енді келесі тендердің жеңімпазы анықталған қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі алдағы уақытта Шымкенттен мемлекеттік автобус паркін ашуды ұсынып отыр. Бұл бағыттағы ілкімді істер қазірдің өзінде басталып кетті.

Сұхбат

PhotoRoom