«Ontustik Tourism. Invest 2017» форумына келген қытайлық делегация Түркістанға барды

Жаңалықтар
16.11.2017, 23:26

Оңтүстік Қазақстан облысында өтіп жатқан екі күндік «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік және инвестициялық форум аясында қытайлық делегация Түркістан қаласына барды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған топ қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін ұлттық өнерді тамашалап, қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарды аралап көрді.1693c662-b55b-4034-97fa-bd352a628aca

Шара барысында қонақтар шаһардағы өнерпаз қыздардан құралған «Жетiген» тобы мен әжелер шырқаған әндерiне зор ықылас бiлдiрдi. Сондай-ақ, олар дастарқаннан дәм татып, өңірдің қонақжайлылық қасиетіне ерекше қуанды. ҚХР Мемлекеттiк туризм басқармасы төрағасының орынбасары Ду Цзянь бастаған делегация мұндай iлтипат пен ықылас туризмнiң дамуына ерекше серпiлiс беретінін атап өтті. Бұдан бөлек, шетелдік қонақтар халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдарына таңданыстарын білдіріп, қазақтың ұлттық әндеріне тамсанды. Көне шаһар тарихымен таныстырған өңір басшысы Түркістан қаласының биылғы 2017 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанғанын жеткізді.769cc2de-84ad-4e65-afa8-d709516ff805

«Түркістан – қасиетті әрі көне қалаларымыздың бірі. Ер түріктің алтын бесігі болған Түркістан бұрын қандай маңызға ие болса, бүгінгі таңда да сондай. Іргетасы 15-ғасырда қаланған кесене халықаралық ЮНЕСКО ұйымының тізіміне енген. Мұнда жыл сайын мыңдаған туристер келеді. Алдағы уақытта біршама жұмыстар атқарып, межені арттыратын боламыз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.eba301b2-3c4d-433f-a722-28095f8f97de

Одан соң мәртебелі меймандар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, ондағы көне жәдігерлер мен қазақ халқының тарихи тұлғаларымен танысты. Арнайы топты бастап келген ҚХР-ның Мемлекеттік туризм басқармасы төрағасының орынбасары Ду Цзян Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамыту үшін әріптестік танытатынын жеткізді.

«Кез-келген аймақтың ең әуелі шырайын ашатын адамы, бұл тұрғыда мен Оңтүстік Қазақстан халқының қонақжайлығына, жылы шырайлы адамдарына тәнті болдым. Бұл - туризмді дамыту үшін аса қажетті фактор. Біз келісім орнату үшін еліміздегі әрбір аймақтан туристік ассоциацияларды, агенттіктерді алып келдік. Болашақта екі ел арасындағы жаңа авиабағыттарды ашуды жоспарлап отырмыз», - деді Ду Цзян.

Халықаралық форум аясында өңірдің туризм саласын дамыту бағытында бірнеше екі жақты келісімдер жасалатын болады.727f2627-2093-4e84-99b3-7f210739fe7e

Айта кетейік, кеше Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында екі күндік «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік, инвестициялық форумы өз жұмысын бастаған болатын.

Өңірдің туризм саласын дамытуға және тәжірибе алмасуға, өзара тиімді әріптестікті нығайтып, шетелдік инвесторларды тарту мақсатында ұйымдастырылған форумға Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік туризм басқармасы жетекшісінің орынбасары ДуЦзян, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрайымы М.Мурзамадиева, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы Р.Күзембаев, «Атамекен» ҰКП өкілдері, халықаралық және қазақстандық туроператорлар, инвестициялық компаниялар, туристтік ассоциациялар мен шетелдік және қазақстандық БАҚ жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.70a3933c-e1c9-4c0f-847b-f5a41250c939

Форум аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласы өкілдері мен Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның басқа қалалары арасында 4 меморандумға қол қойылды.

Сұхбат

PhotoRoom