Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінің шенеуніктеріне қызметтік көліктері қайтарылды. Еске салайық, бір ай бұрын бұл қызметтік көліктер тұраққа қойылып, бір ай бойы қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудан әкімдері және олардың орынбасарлары қызметтік көлікті пайдалану мүмкіндігінен айырылған болатын.
- Шаһар әкімі тәжірибе ретінде шенеуніктерге де қарапайым халықтың жағдайымен танысуды ұсынды. Яғни, әкімдіктің жоғары лауазымды қызметкерлері күн сайын басқа да қалалықтармен бірге жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынады, - дейді Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Жұмағұлова. - Шенеуніктер автобустармен құр қатынап қана қоймай, қоғамдық көліктердің лық толуы, жолаушыларға көрсетілетін қызмет дәрежесі секілді тұстарда кездескен олқылықтар мен кемшіліктерді тіркеп отырды. Нақты айтқанда шымкенттік шенеуніктер автобустармен тұп-тура 1 апта жүрді. Одан кейін жұмысқа өз еріктерімен - автобуспен, жаяу немесе өздерінің жеке көліктерімен қатынай бастады.
Бұл бастаманың нәтижелері мынадай:
Айта кетейік, бұл - осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар. Негізгі қорытынды 11 желтоқсанда өтетін жиналыста айтылады, - деп хабарлайды Шымкент қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Жұмағұлова.