ШЫМКЕНТТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ КӘСІБИ ӨНЕРПАЗДАРМЕН БІРГЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Аймақ
23.11.2017, 03:50

«ЖАҢҒЫРЫҚ!» КҮНГЕЙДЕ ЖАС БУЫН ТАЛАНТТАРДЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЖОБА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ. ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ САХНАСЫНА ӘДЕТТЕГІДЕЙ КӘСІБИ ӨНЕРПАЗДАР ҒАНА ЕМЕС, МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ДА ШЫҒЫП, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ТӨЛ ӨНЕРІН ТӨРГЕ ОЗДЫРДЫ. ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫП, КӨРЕРМЕНГЕ ҰСЫНЫЛҒАН КЕШ БОЛДЫ БҰЛ.

«Жаңғырық» атты кеште кәсіби емес, мектеп оқушылары өнер көрсетуге мүмкіндік алды, Көптің алдында жыр-күймен қатар халық әндері де ұсынынғанына куә болдық. Патриоттық шығармалар да шет қалмады. Бастысы — мәдени шара сахнада жас таланттардың тұсауының кесілуімен де ерекшеленді.

Шымкенттің оқушылары кәсіби өнерпаздармен бірге өнер көрсетті

Керегесі керемет күймен кеңейген, бақаны талантты өнерпаздармен бекіген «Қара шаңырақ» Сүгірдің сүбелі күйлерімен қоса, Махамбеттің мақамын да ұмыт қалдырған жоқ. Халық өнері — ұлттық сазды аспаптарды етене меңгеріп жүрген жастармен жұмыла айтулы шығармаларды залдағы тыңдарманға тарту етті.

Бір емес, бірнеше білім ұясының, яғни қаламыздағы № 2 және 3 саз мектебінің шәкірттері кәсіби ұжым — облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның қолдауымен өнер көрсеті, Ал халық қазынасын бүгінгі толқынға табыстап, дәріптейтін кешті ұйымдастырушы тараптың айтуынша, биыл білім бағдарламасы жас таланттар үшін жаңа пән — сазды аспаптармен толыққан.

Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н.Әбішұлының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында қолға алынған кеш мұнымен тәмамдалмайды. Кәсіби өнерпаздар саз мектептерінің шәкірттерімен бірлесе отырып, «Жаңғырық» атты жобасын жалғастырмақ, яғни, гастрольдік сапармен ауыл-аудандарды аралауға бекініп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom