Шымкенттегі шаруа қожалықтар ауылшаруашылығы өнімдерінің 50 пайызын өндіруде

Аймақ
23.11.2017, 23:35

Шымкент қаласында тұтынушылардың толық қажеттілігін қамтыған ауылшаруашылығы өнімдерінің 50 пайызын жергілікті шаруа қожалықтары өндіруде. Дегенмен, бұл саладағы қожалық иелерінің 40 пайызында ауылшаруашылығы жерлері 10 гектардан аспайды. Бұл көрсеткіш азық-түлік қорын қалыптастыруда мүмкіндіктердің әлі де толық пайдаланылмай отырғанын көрсетеді.22

Осы өзекті мәселені зерделеген ел Үкіметі алдына жаңа бағдарды белгілеп отыр. Бұл бағытта ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауында алдағы бес жылда 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту қажеттігін ұсынған болатын. Нәтижесінде, ауылшаруашылығын әртараптандыру арқылы 2021 жылға дейін азық-түлік экспортын 40 пайызға дейін арттыру көзделуде.

Бүгінгі ахуалды бағамдайтын болсақ, жерден несібесін терген шаруа қауымының мақсат-мұраты асқақ болғанымен де, меншігіндегі жерінің көлемі де, қаржылық қоры да жеткіліксіз. Әрі жаңа техникалар алуға қауқарсыз. Нәтижесінде, мұндай ұсақ шаруашылықтар мемлекет тарапынан бөлінетін әртүрлі жеңілдіктер мен субсидияларға да ие бола алмай келді. Олардың қатарын ірілендіріп, кооперацияға біріктіру өз кезегінде, еңбек өнімділігін арттырумен қатар, жақсы табыс табуға да мүмкіндік бермек. Сондықтан да, шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктіруге тың талпыныс жасалуда.

Сұхбат

PhotoRoom