Оңтүстікте құрылыс материалдарын шығаратын 150-ден астам кәсіпорын әрекет етеді

Аймақ
24.11.2017, 00:17

Оңтүстік Қазақстан облысында бүгінде негізгі құрылыс материалдарының және конструкцияларының 50-ден астам түрі шығарылады.

Ал, құрылысқа арналған жабдықтар, бұйымдар мен конструкциялар шығаратын 30 ірі және орта кәсіпорын мен 125-тен астам цех әрекет етеді. Бұл көрсеткіштер облыстағы кәсіпкерлердің сұранысқа орай тиімді жұмыс жасап жатқанын аңғартса керек. Жергілікті тауар өндірушілер сұрыпталымын шығарып қана қоймай, өнімдерінің шетелдік аналогтарды қалай алмастыра алатынын көрсетті. Облыста шығарылатын өнім сұрыпталымы көлемді болып шықты әрі стандартты цемент, шифер немесе кірпішпен шектеліп қалмайды.0a5d70659361ece76507a98cedcefb1f_XL

Оның арасында травертин, фибробетон, иілгіш тас та, пластикалық декоративтік панельдер, құрғақ құрылыс қоспаралары, полиуретаннан жасалған сәндік бұйымдар, базальтты плиталардан және пенополистеролдан жасалған толтырғышы бар сэндвич-панельдер де, базальтты плиталар, кафель желімі, тегістегіш, сылақ, төсеме бояу, бетонға арналған аязға қарсы арнайы қоспа, цементті-құмды жабынқыш және көптеген басқалары бар.

ОҚО-да құрылыс бұйымдарының импорты өңір қажеттілігінен 80% құрайды. Мәселен, полимерден жасалатын тұсқағаздар мен жабындар толығымен сырттан әкелінеді - 100%, бояулар мен лактар - 89%, мәрмәр, травертин мен алебастр және олардан жасалатын бұйымдар - 92%, плиталар, табақтар, үлдір, фольга, полимер материалдардан жасалған таспа 57% сырттан әкелінеді. Дей тұрғанмен, ОҚО құрылыс материалдарының алуан түрін өндіруге қажет шикізат көлеміне ие әрі оңтүстік-қазақстандық өндіріс құрылыс салушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетті.

Сұхбат

PhotoRoom