ОҚО-дағы үш қала тұрғындары мемлекеттік бағдарлама аясында 18 миллион теңге көлемінде несие алу мүмкіндігіне ие болды

Аймақ
24.11.2017, 16:41

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан мен Кентау қалаларының тұрғындарына 18 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Мерзімі 7 жылға дейін берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Бұл қаржы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында ұсынылып отыр.1 (27)

Бағдарлама жұмыссыздарға, өзін-өзі қамтыған азаматтарға, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың мүшелеріне, сондай-ақ, бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Түркістан және Кентау қалаларында өткен көшпелі семинарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов мәлімдеді. Оның айтуынша, бағдарламаның мақсаты – шағын бизнесті дамыту үшін халыққа қаржы көзін ұсыну.2 (19)

- Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына өңіріміздегі 3 қала – Шымкент, Түркістан және Кентау тұрғындары қатыса алады. Бағдарламаның екінші бағытын жүзеге асыру үшін 2,6 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 6 қаржы институты жұмыс жасауда – Қазақстанның халық банкі, Нұрбанк, АТФ Банкі, Евразиялық банк, Forte Bank және «Ырыс» МҚҰ, - деді облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов.

Бұл тұста егер кепілдікке қойылатын мүлік жеткіліксіз болса, онда бастауыш кәсіпкерлерге кепілдендірілген кепілді қолдануға мүмкіндік бар.

- Әр несие рәсімдеу үшін кепілдік керек. Егер кепілдік жетіспесе, онда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кепілдендірілген кепілді қолдануға болады. Бұл бағдарламаның басқаларынан ерекшелігі – жеңілдетілген несие беруде. Бұған қоса несие бұрын аз мөлшерде берілсе, қазір 18 миллион теңгеге дейін қарастырылған. Және бұған дейін кепіл мүлкіне қатысты қиындықтар туындаса, қазір кепілдендіру қарастырылып отыр, - деп атап өтті ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Жұмашбеков.

Айта кетейік, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы Қазақстанда жыл басынан бері жүзеге асырылуда. Банктерге қаржы - қыркүйек айында, ал микро қаржы ұйымына өткен аптада бөлінді. Қазір ең бастысы – шағын бизнесті дамытуға бөлінген мемлекеттік қаржыға қол жеткізуді оңайлату.

Сұхбат

PhotoRoom