ОҚО шаруалары он елге 30 мың тоннаға жуық мақта талшығын экспорттады

Жаңалықтар
25.11.2017, 14:07

Еліміз бойынша ақ алтынның 100 пайызы Оңтүстікте өндіріледі. Ал, мақта дақылын өсірумен облыстағы 10 ауданның шаруалары айналысып келеді. Мақта дақылы экспорттық маңызға ие болғандықтан егіс көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биыл Оңтүстікте 134,6 мың га жерге шитті мақта егілсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың га артық.

Мақта еліміздегі экспорттық басымдыққа ие дақылдардың қатарында. Сондықтан мақтаның сапасын жоғарлатуға ерекше мән берілген. Бүгінде Оңтүстік шаруалары жаңа технологияларды қолдану мен ізденістің арқасында мақта талшығының 10 сұрыпын жасап шығарған. Мақтаның мұндай элиталы сұрыптарының түсімділігі 38-40 ц/га дейін жетеді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда өндірілетін мақта талшығының жоғары сұрыптары Ресей, Беларуссия, Германия, Латвия, Молдова, ҚХР, Бельгия, Иран, Украина, Италия және Оңтүстік Корея сынды 10 мемлекетке экспортталуда. Жыл басынан бері аталған елдерге 30 мың тоннаға жуық мақта талшығы жөнелтілген.d4b7987f-4a33-4ef0-aa8e-297ccdc309eb

Мақта шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан ерекше назар аударылған. Мақта дақылын өсіру үшін тыңайтқыштар мен гербидциттерге мемлекет тарапынан субсидия беріледі. Одан бөлек, егілген мақтаның әрбір гектарына 15 мың теңгеден, ал қайта өңдеу үшін өткізілген ақ алтынның әр тоннасына 6 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі. Бүгінде мақта шаруашылығын қолдау үшін субсидиялар таратылуда. Жыл басынан бері облыс бойынша 134,6 мың гектарға 2 млрдқа жуық, қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген 140 мың тонна ақ алтынға 833 млн теңге субсидия төленген.

Сұхбат

PhotoRoom