Шымкентте бір топ студент латын әліпбиін қолдау мақсатында флешмоб өткізді

Аймақ
22.11.2017, 03:47

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің жастары латын әліпбиіне қолдау көрсетіп, жаңа бастамаға ерекше шара арқылы үн қосты. Жоғары оқу орны ғимаратының алдына жиналған 500 студент латын әріптерімен QAZAQSTAN деген сөз жазып, флешмоб өткізді.  853603f4313d93abfab896239cbb51c1_LБұдан соң орталық көшелер мен сауда орындарын аралап, қала тұрғындарына латын таңбалары жазылған 1000-ға жуық парақша таратты. Басты мақсат жаңа әліпбиді қазірден бастап насихаттау болды. Мағжан Исахов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастар орталығының директоры: – Осы әріптерді ертерек жаттап, өздерінің аттарын жазып, құттықтауларын жазып, қазірден бастап үйренер болса, 2025 жылдары жастар ғылыми жұмыстарды жаза алатын болады. Қазіргі ғылыми жобалар әлемдік дәрежеде терезесі тең болатынына үлкен сенім білдіре аламыз.

Сұхбат

PhotoRoom