Шымкентте жағалы тондарға жеңілдіктер акциясы жалғасуда

Аймақ
27.11.2017, 23:16

Қылықты қыздар мен керімсал келіншектерге арналған тамаша тарту! Шымкенттегі «Баян сұлу» сауда орталығында Ресейдің Пятигорск қаласында тігілген жағалы тондарына жеңілдіктер акциясы жалғасуда. Зауыттан тікелей жеткізілген сырт киімдердің құны нарық бағасынан едәуір төмен. Тамаша таңдау жасап, тон жаңалағыңыз келсе, «Эталон меха» дүкеніндегі жеңілдіктер акциясын пайдаланып қалыңыз!

Айрықша пішінмен тігілген қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктер. Бұлғын мен күзен терісінен тігілген жеңсіз тондар. Сәнқойлар іздеген эксклюзивті, классикалық үлгідегі киімдердің алуан түрі - осында. Пятигорск ішіктері бойынша тәжірибесі мол мамандар керек кеңесті беруге қашанда әзір.5655

Дмитрий Зотов – «Эталон меха» дүкенінің әкімшісі

Жыл сайын біз жаңа сәндегі тондар мен ішіктерді ұсынудамыз. Бағасы 450 мың теңгеден басталады. Ең қымбаты – 730 мың теңге. Жалпы, Ресейдің Пятигорск қаласы қымбат, бағалы аң терілерінен тігілген өнімдерімен белгілі. Ал, тауарларға жеңілдіктер бар. Тондарды банк арқылы несиеге және құнын бөліп төлеу арқылы да алуға болады.

Жаңадан түскен тондардың сапасы мықты, бағасы қалтаға қонымды. Мамандар биыл түрлі аң терілерінен қиюластырып тігілген тондар мен ашық түсті ішіктердің сәнге айналғанын айтады. Арайлым қысқа қам жасаудың жайын ойлап, жеңілдіктер акциясына келді. Қысқа қоңыр ішік... талдырмаш қыздың өн бойына құйып қойғандай жараса кетті. Бірден сатып алуға бекінді.

Арайлым Шеңгелбай – Шымкент қаласының тұрғыны

Бүгін «Эталон меха» дүкенінде жеңілдіктер болып жатыр екен. Өзіме осы тон ұнады. Осыны алуға келдім. Осындай ішіктердің әр түрлі ассортименті келіп тұрады. Өте кермет, маған ұнады. Бағасы да көңілге қонымды.

Ендеше, мүмкіндігіңізді мүлт жіберіп алмаңыз. Сіз алуға асыққан құнды құндыз ішіктер «Баян сұлу» сауда орталығының 3-қабатында сатылуда.

Сұхбат

PhotoRoom