Шымкент қаласында үстел теннисінен жарыс болып өтті

Аймақ
27.11.2017, 23:37

Тұңғыш президент күніне орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімдігі үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды. Бюджеттік мекеме қызметкерлері арасындағы турнир... дәстүрлі түрде осымен 4-ші рет өтіп отыр. tennis_stol_lviv«Shymtennis» үстел теннисі клубында өткен жарысқа  12 команда қатысты. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясов әріптестерін алдағы Тұңғыш президент күнімен мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде қоғамның әл-ауқатының басты көрсеткіштерінің бірі - адам денсаулығы екенін қадап айтты. Осы тұрғыда салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамның және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуға шақырды. Жарыс қызықты әрі тартысты өрбіді. Бюджеттік қызметкерлер белсенділікпен қатысып, өздерін жаңа қырынан танытты.

Сұхбат

PhotoRoom