Шымкентте кәсіби бағдар беретін «Өмірлік таңдау» жобасы таныстырылды

Аймақ
27.11.2017, 23:49

«Өмірлік таңдау»... «Samruk-Kazyna Trust» қоры Шымкентте осы тақырып аясында тренинг ұйымдастырды. Ондағы мақсат жұмысшы мамандықтарды дәріптеу болып табылады. Облысымыздың аудан-қалаларынан келген 50-ге жуық педагог... семинар арқасында... «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасымен де терең танысты.

«Өмірлік таңдау» – бұл қазақстандық оқушыларды жұмысшы мамандықтармен таныстыруға бағытталған ауқымды жоба. Бағдарлама бойынша осы кәсіптерге деген құрметті ұялату, жастар арасында мамандық таңдаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіру – негізгі меже.kt7UzzqMOU2KQJ9y83yRUaZTpB62eY

"Жоба аясында біз 250 мұғалімді осындай тренингтен өткіземіз. Оның аясында қатысушылар тренингті қалай жүргізу керектігі, кәсіби бағдар бағытындағы жұмыстарды жүргізуге байланысты мәліметтер алатын болады. Осы тренингтерді ұстаздар 8, 9, 10 сынып оқушыларына өткізетін болады. Тренинг қорытындысы бойынша 250 педагогтың ішінен әр облыстан 1 педагог, яғни 5 үздік тренерді іріктеп алып, оларды Ресей Федерациясының үздік тренинг орталығында оқытатын болады",-деді «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының жетекші маманы Дәулет Әждар.

«Самұрық-Казына» әл-ауқаттық қоры үлкен өндірістік холдинг ретінде жастардың техникалық мамандықтарға басым көңіл бөлуіне ерекше назар аударады. «Өмірлік таңдау» жобасын іске асыру идеясын қолдайды. Себебі, жоба аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Бәсекеге қабілеттілік» пен «Білімнің салтанат құруы» аспектілері насихатталады.

Жоба Ақтөбе, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүйелі іске асырылмақ. Ол бойынша бұл өңірдің жастары өндіріс орындарына саяхаттап, еңбек нарығына аса қажет мамандықтарды таңдайтын болады. Жоба әлеуметтік саладағы жұмыссыздық проблемасын шешуге де оң ықпалын тигізеді.

Сұхбат

PhotoRoom