Шымкентте «RIC ON KO`RME» апталық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жалғасуда

Аймақ
27.11.2017, 23:55

Балық, шұжық, жеміс-жидек, көкөністер, ет және сүт өнімдері нарық бағасынан 20-30%-ға төмен... «RIC ON KO`RME» атты ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі бұл апта да жарасымды жалғасын табуда. Мұнда 40-қа жуық кәсіпкер халыққа сапалы отандық өнімдерін ұсынды. Айтып өтейік, шараға «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы мұрындық болып отыр.images

Жобаның басты мақсаты: ауыл шаруашылық тауарларын халыққа көтерме бағада сату, әрі жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады. «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынгазинның айтуынша, жәрмеңке айына екі мәрте өткізілмек. Әркез тауар түрлері жаңартылып тұрмақ. Бүгінгі жәрмеңкеде «Бәйтерек агро» ауылшаруашылық кооперативі де өз өнімін ұсынды. 2016 жылғы құрылған серіктестік мал бордақылап, ет өндіруімен айналысады. «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» Микроқаржы ұйымының қолдауына ие болысымен, мал сою бекетін, зертханасын ашты. Сөйтіп, оны соңғы үлгідегі тоңазытқышпен жабдықтады.   RicOn-9Несібелі Жолдыбаева бұл жәрменкеге бірінші рет келіп отыр. Игі бастама отандық тауар өндірушілердің қадамын ширатқанға жақсы, - дейді. Өзі... балғын көкөніс пен ет, жұмыртқаны арзан бағада сатып алғанына риза. Тұтынушы. Кәсіпкер... Қос тараптың мүмкіндігін ескерген өңір басшылығына да риясыз алғысын жеткізді. Еске салсақ, отандық өнімді қолдау және бағаны тұрақтандыруға бағытталған шара облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылуда.  Игі істің бастауы болып, әлеуметтік базарлардың көбеюіне тың серпін береді деген үміт басым.

Сұхбат

PhotoRoom