Шымкенттегі «Дария Марс» балабақшасы өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтті

Аймақ
28.11.2017, 00:06

Шымкенттегі ең таңдаулы, һәм мақтаулы мектепке дейінгі мекеме – «Дария Марс» балабақшасы өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтті. Шаттық ұясы Мемлекет басшысы қойған талап-тілектің үдесінен шығу үшін... әрдайым тың ізденісте жұмыс істейді. Тәрбие берудің халықтық және заманауи әдіс-тәсілі... Балғындарды шығармашылыққа баулу, өнерін өрістету... осы ұжым қызметкерлерінің қолынан келген.2354

Алғашқыда 100 баламен есігін айқара ашқан балабақшада бүгінде 300 бүлдіршін тәрбиеленуде. Бәсекеге қабілетті ұрпақ, ол – үш тілді жетік меңгерген бала. Педагогикалық тәжірибесі озат тәрбие ошағында балғындар шетінен ділмар.  Қалалық, облыстық деңгейде өтетін түрлі жарыстарда топ жарып жүр. Соның біріне, яғни, «Пони» байқауына былтыр... 81 бала қатысып, оның 61-і сертификат жеңіп алған.

Бекханым Қыдырбаева – «Дария Марс» балабақшасының меңгерушісі

Бүгін біздің балабақшамызда үлкен той. «Дария МарС» балабақшасы, міне, 5 жасқа толды. Мұнда 2012 жылдың қараша айынан бастап, жұмыс жасап келеміз. Үш тілде жұмыс жүргіземіз. Кружоктарымыз бар, гимнастика, таэквандо, т.б. Тәрбиешілеріміз де үш тілде сабақ өтіп, білімін шыңдап жатыр.

Өзіндік ізі, ауыз толтырып айтар көңілге қонымды ісі бар бүлдіршіндер ұясының мерейлі тойына балабақша тәжірибесін мойындаған мамандар тегіс жиналды. Балғындардың өнеріне тәнті болған ата-аналар да бір кісідей мерейлі мерекемен құттықтады.

Жанель Бектебаева – ата-ана

Балабақшаның арқасында мектепке барып, 1-сыныптың табалдырығын аттадық. Білімі жақсы, «Болашақ» мектебіне барамыз. Тәрбиешілері де өте жақсы. Балабақшаны 5 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз. Ата-ана ретінде шын жүректен құттықтаймын! Гүлдене берсін, өсе берсін!

Білім негізі – бастауышта. Бақшадағы тәрбие – бар ізгіліктің бастауы. Мықты білімнің берік іргесі. Ал, педагогикалық тәжірибесі озат тәрбие ошағы осы бағытта жұмыс қарқынын арттыра түспек.

Сұхбат

PhotoRoom