Шымкенттік футболшылар халықаралық турнирде жеңіске жетті

Аймақ
28.11.2017, 12:07

Шымкентте 2001 және 2002 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан Құралбек Ордабаевтің жүлдесіне арналған Халықаралық турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкенттің ОРДБЖМСМ-2001 командасы бірінші орынға ие болды.

Бас-аяғы 6 күнге созылған доп додасына 12 команда қатысты. Олардың арасында өз елімізден бөлек Өзбекстанның үш бірдей командасы бар. «Басты мақсат – жас жеткіншектердің арасынан талантты футболшыларды таңдау, олардың одан әрі кәсіби жетілуіне көмек беру» дейді Оңтүстік Қазақстан облысының футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі (ОРДБЖМСМ) директоры Ермек Дәрменов.

   shymkent-football 1

Халықаралық турнирдің нәтижесі бойынша І-орынды Шымкенттің ОРДБЖМСМ-2001, ІІ-орынды Өзбекстанның Бунедкор, ІІІ-орынды ОРДБЖМСМ-2002 командалары иеленді. Сондай-ақ, жарыстың ең үздік ойыншылары да анықталып, жеңімпаздарға медальдар мен сыйлықтар табысталды.

Сұхбат

PhotoRoom