Шымкенттік кілемдер жәрмеңкеде жоғары бағаланды

Аймақ
29.11.2017, 01:19

Жетісай қаласында «Бал текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кілемдер жәрмеңкесі болып өтті. 7 күнге жоспарланған шарада шағын көлемдегі өрнекті кілемдердің бағасы 8 мың теңгеден басталды. Ал, 100 мың теңге тұратын жібек кілемдер 80 пайыздық жеңілдікпен сатылды.

«Бал текстиль» кілем фабрикасы Шымкент қаласында 2013 жылы ашылған. Содан бері еліміздің тоқыма кластерін дамытуда қомақты үлес қосып келеді. Айтулы кәсіпорын өнімдері ішкі нарқта ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де экспортталады. Сондай-ақ, тоқыма  фабрикасы әлемге әйгілі Швециялық «Икея» компаниясымен ұзақ мерзімге бірлесіп жұмыс істеуге қол жеткізді. Бүгінде өндіріс орнының отандық өнімдері Ресей, Германия елдеріне тоқтаусыз экспортталуда.5656d63736005

Жәрмеңкеде әсем ою-өрнекпен көмкерілген қазақтың төл өніміне деген сұраныс жоғары болды. Көпшілік лоторея ойынына қатысып, ұтыстан бағалы кілемдерді жеңіп алды.  Бұл жұртшылықтың отандық өнімге деген қызығушылығын арттыра түсті.

Айта кету керек, «Бал текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  отандық өндіріс ауқымын алдағы уақытта екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Оның  толық жүзеге асатынына негіз бар. Өйткені, кәсіпорын қазірдің өзінде 5 миллион шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы.

Сұхбат

PhotoRoom